Атырау, 29 қараша 18:39
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Компьютерлік жүйе GGG соққысы «Канелодан» әлдеқайда көп болғанын көрсетті

1 426 просмотра


Бокстағы соққыларды есепке алатын компьютерлік жүйе CompuBox (Computerized punches scoring system) Головкин - «Канело» рематчы статистикасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат boxingscene-қа сілтеме жасап. 

CompuBox-тың статистикасына жүгінсек, Головкин 12 раундта 879 жұдырық сілтеп, оның 234-ін дәл тигізген (26.6%). Ал Альварес 622 жұдырық сілтеп, оның 202-сін дәл тигізген (32.5%). Сондай-ақ, Головкинның қарсыласқа бағыттаған джеб(Jab) саны 547-ге жетіп, 118-ін дәл тигізген (21.6%). Альварес 256 джеб соққысын жасап, 59-ін тигізген(23%). Ал ауыр соққылар бойынша, GGG қарсыласына 332 ауыр соққы жасап, 116-сін дарытқан (34.9%). Ал «Канело» 366 ауыр соққы бағыттап, 143-ін дәл тигізген (39.1%). Әр раундтағы соққылар саны бойынша отандасымыз 9 раундта жеңіске жетіп, 2 раунд жеңіліп, 1 раунд тең өнер көрсеткен. 

Еске салайық, Головкин - «Канело» рематчы 16 қыркүйек күні Америка Құрама Штаттарының Лас Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өтті. Қортындысында, отандасымыз төрешілер шешімімен (113-115, 114-114, 113-115) жеңіліп, чемпиондық белдіктерінен айырылды. Алайда жекпе-жек қортындысы тағыда дауға ұласып, көптеген БАҚ және танымал боксшылар Головкинды жеңді деп бағалауда. 

Айта кетейік, боксшылардың бір жыл бұрынғы алғашқы жекпе-жегінде тең нәтижемен тарқасқан болатын. Бұл жекпе-жекте Головкин қарсыласына 703 соққы жасап, 218-ін дәл тигізсе, Альварес 505 соққыдан тек 169-ін тигізе алған.

Дереккөз: inform.kz

17 қыркүйек 2018, 14:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.