Атырау, 19 сәуір 18:19
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Ерекше ұсыныс

1 957 просмотра


Өткен аптада Атыраудағы Ретро паркте 21 жастағы жігіт сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасағысы келген.  Алайда махаббат хикаясы сотпен аяқталды.

Сүйіктісі өмірдегі маңызды қадамы туралы естелік қалдыру үшін отшашу ұйымдастыруды ұйғарады. Оның бұл романтикалық әрекетін полиция қызметкерлері байқап, сол сәтте ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 436-бабының 2-тармағы (Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған, елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану – пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады) бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырады.

Сотта жігіт өз кінәсін мойындап, қоғамдық тәртіпті бұзғандығы үшін кешірім сұрады, енді ол айыппұл төлеуі тиіс.

Сол жағдайда қыз оған жауабын беріп үлгерді ме, жоқ па, белгісіз. Алайда олардың бұл оқиғаны ұзақ уақыт есте сақтайтындығы сөзсіз.

Фархат ӘБІЛОВ

17 қыркүйек 2018, 13:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.