Атырау, 29 қараша 18:30
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Канада жүк пойызының құрамы рельстен шығып кетті

1 827 просмотра


Канаданың Манитоба орталық провинциясында жанармай таситын жүк пойызы рельстен шығып кетіп, бір адам қаза тапты. Бұл жөнінде жексенбі күні СВС телеарнасы мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. 

Төтенше жағдай сенбі күні өңірдің солтүстігіндегі шалғайдағы жерде болған. Әзірге анықталмаған себептерге сәйкес, рельстен үш локомотив пен пойыздың бірнеше вагондары шығып кеткен. Бас локомотивте екі машинист қысылып қалып, біреуі алғашқы көмек көрсетілгенге дейін қаза тапты. Құтқарушылар екінші жүргізушіні тікұшақпен апат орнынан 145 шақырымда орналасқан Томпсон қаласына жеткізген. Жағдайы ауыр деп бағалануда. Үш локомотив пен 27 вагоннан тұратын пойыз құрамы Arctic Gateway Group компаниясына тиесілі. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жанар-жағармай цистернадан ағып кетпеген. Оқиға орнына құрамның рельстен шығып кетуінің себептерін анықтайтын компания өкілдері мен мамандар келіп үлгерді.

Дереккөз: inform.kz

17 қыркүйек 2018, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.