Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антонио Гутерриш АҚШ-тың әлемдік сахнадағы ықпалының әлсіреп бара жатқанын айтты.
"Вашингтонның «жеңіл күш» қолдану саясаты әлсіреуде" деген ол «The Atlantic» басылымына берген сұхбатында. "Бүгін АҚШ сауда және басқа да салаларында көптеген дауларға араласуда. Бұл америкалық қоғамның маңыздылығын жоғалтуына себеп болуда", деген А.Гутерриштің сөзінше, Біріккен Штаттар мен бүкіл әлем жаңа ақиқаттарға бейімделуге мәжбүр. Оны себебін А.Гутерриш, бір ғана мемлекеттің басшылығына негізделген әлемдік тәртіп өткеннің еншісінде қалып бара жатқандығымен түсіндірген.
Дереккөз: qazaqtimes.com