Ресей Сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмалар бойынша елшісі Игорь Братчиков: «Каспий жағалауы елдерінің жұмысына АҚШ бастаған бірнеше мемлекет араласпақ болды» – деп мәлімдеді.
Ресейдің «Коммерсанть» басылымына сұхбат берген Игор Братчиклв Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтауға байланысты пікір білдірді. Онда ол: «Каспий теңізіне қатысты жұмыстарға аумаққа қатысы жоқ ойыншыллардың араласуы болды. Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтауда Еуразия аумағына қатысы жоқ мемлекеттер қызығушылық танытты. Соңғы шешімге өз ықпалдарын жүргізуге тырысты. Оның ішінде АҚШ бастаған бірнеше мемлекетте бар» - деп мәлімдеген. Естеріңізге салайық, тамыз айының 12-і күні Ақтау қаласында V Каспий жағалауы елдерінің саммиті өткен. Саммитте Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Түркіменстан және Иран елдерінің басшылары бас қосып, Каспий теңізіне арнайы құқықтық мәртебе беруге байланысты Конвенцияға қол қойған.
Дереккөз:qazaqtimes.com