Ауғанстанда АҚШ әскери күштері «Талибан» радикалды қозғалысының қарулы топтарына әуеден соққы беріп, 30 содырдың көзін жойды. Бұл туралы осы елдегі «Берік қолдау» шарасын жүргізіп жатқан НАТО өкілдігі мәлімдеді.
Әскерилердің айтуынша, америкалық ұшақтар Газни провинциясындағы Нава ауданының жанында шоғырланып жатқан тәліптерге екі рет соққы берген. Айта кеткен жөн, АҚШ 2001 жылы Ауғанстанда лаңкестікке қарсы әскери операция бастаған болатын. Кейінірек БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкциясымен елде «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету халықаралық күштері» орналастырылды. Содан соң АҚШ пен осы халықаралық күштер бірігіп «Талибан» қозғалысы мен «Әл-Каида» тобына қарсы әскери қимылдар жүргізді. Ал 2014 жылы Солтүстік атлантикалық келісімшарт ұйымы Ауғанстаннан әскерін шығарып, 2015 жылдың қаңтарында «Берік қолдау» әскери емес миссиясын бастады. Осы категория бойынша: « АҚШ-та «Флоренс» дауылына қатысты төтенше жағдай жарияланды
Дереккөз: 24.kz