Атырау, 29 қараша 18:23
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Киев ресейлік банктердің Украинадағы активтерін бұғаттады

1 616 просмотра


Киевтің апелляциялық соты ресейлік "Сбербанк", ВТБ банкі және "Внешэкономбанктің" еншілес банктері акцияларын бұғаттады. 

Сот бұл туралы шешімді бизнесмен украиналық бизнесмен Игорь Коломойский және оның серіктерімен байланысы бар құрылымның арызы бойынша шығарды.

Бұған дейін Гаагадағы арбитраж соты Коломойский мен оның серіктерінің Ресей Қырымды аннексиялаған соң тартып алған өздерінің мүлкі мен активтерін өтеуі тиіс деген талабын заңды деп таныған. Өтемақы мөлшері 139 миллион долларға бағаланған. Киев соты 12 қыркүйекте Украина аумағындағы Ресей мүлкін Қырымда жоғалтқан активтердің өтеміне алуға болады деген тұжырым жасады.

 Мәскеу бұған дейін Гаага арбитраж соты бұл істі қарауға құзыретті емес деп, Нидерландтағы сотқа қатысудан бас тартқан.

Сот қаулысында Ресей президенті Владимир Путин "Қырымды қосып алу" туралы жарлық шығарған 2014 жылдың 21 наурызынан бастап Ресейдің украиналық инвесторлар құқығының бұзылуына жауапты екені айтылады. Сот Ресейді Қырым түбегін аннексиялап алғанына байланысты өтемақы төлеуге міндеттеу туралы бірінші рет шешім шығарып отыр.


Дереккөз: azattyq.org

 

13 қыркүйек 2018, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.