Атырау, 29 қараша 18:34
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Путин Жапонияға жыл соңына дейін бейбіт келісім жасасуды ұсынды

1 768 просмотра


Ресей президенті Владимир Путин 2018 жылдың соңына дейін Жапониямен қандай да бір шарт қоймай, бейбіт келісім жасасуды ұсынды. Путин бұл туралы Шығыс экономикалық форумында мәлімдеді.

Путиннің сөзінше, бұл бейбіт келісім негізінде Ресей мен Жапонияның барлық даулы мәселені "өзара дос" сияқты шешуіне болады.

Алайда, Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Есихидэ Суга Токио Мәскеу даулы аралдарды қайтарғанда ғана бейбіт келісім жасасатынын мәлімдеді.

Бұған дейін Мәскеу мен Токио арасында бейбіт келісім жасасу қажет екенін Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ бірнеше рет мәлімдеген.

Куриль аралдары (Итуруп, Шикотан, Кунашир және Хабомаи) Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Ресей мен Жапония арасында даулы аймаққа айналған. Совет әскері аралдарды 1945 жылы Жапония капитуляция болған соң басып алған. Территория дауынан екі ел соғыстан кейінгі бейбіт келісімге қол қоюдан бас тартып отыр. Ресей аралдарды өз иелігі деп есептейді, ал Жапония бұл аумақты өзінің бір бөлігі санап, оны қайтаруды үнемі талап етіп келеді.

 

Дереккөз: azattyq.org

12 қыркүйек 2018, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.