Атырау, 25 сәуір 13:20
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Түркия армиясы Сирия шекарасына келіп тоқтады

1 718 просмотра


Түркия армиясы Сирия шекарасына келіп тоқтады – деп хабарлайды Bloomberg басылымы.

Басылым  мәліметінше, ресми Анкара Башар Асад армиясының Идлибтегі оппозициялық топтарға қарсы әскери операциясының бастауына байланысты Сирия шекарасына қосымша әскери қосындар аттандарған. Атап айтқанда Түркия армиясы Сирия шекарасына өзінің танк девизиялары мен арнайы жасақ сарбаздарын аттандырған. Сарапшылар пікірінше, Түркия Идлибтегі әскери операциядан кейін өз аумағына мыңдаған босқын келеді деп алаңдайды және босқындар толқынын тоқтату үшін Сирия шекарасындағы армиясының әл-ауқатын күшейтуде. 

Бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы «егер Башар Асад армиясы Идлибте әскери операция жүргізетін болса, Түркия мен Еуропаға 700 мыңға жуық босқын қоныс аударуы мүмкін» деген болжам айтқан. Қазіргі таңда Сирия оппозициялық топтарының соңғы тұрағы болып саналатын Идлиб аумағында 4 миллионға жуық адам тұрады.

 

Дереккөз: qazaqtimes.com

11 қыркүйек 2018, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.