Атырау, 29 қараша 20:56
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Италия босқындар мәселесіне байланысты Азия және Африка елдерімен келісімшарт жасаспақ

1 146 просмотра


Италия үкіметі босқындар мәселесін реттеу үшін Азия және Африка елдерімен екіжақты келісімшарт дайындауда. Бұл туралы Италия вице-премьері әрі СІМ басшысы Маттео Сальвини 10 қыркүйек күні хабарлады , - деп жазады lemonde.fr. 

«Аталған келісімшарт босқындарды көшіру және оларды «отандарына қайтару» мәселелерін реттейтін болады», - деген вице-премьер. Жоғарыда аталған елдер туралы кеңінен айтсақ, олар — Тунис, Сенегал, Пәкістан, Бангладеш, Эритрей, Мали, Гамби, Судан, Нигера и Кот д’Ивуар елдері. Сальвинидің сөзінше, келісімшартқа күз айлары аяқталғанша қол қойылатын болады. «Осылайша, үкімет соңғы 20 жылдан бері жасалмаған нәрсені жасамақ». Италияның жаңа үкіметі 2018 жылдың маусым айынан бастап өзінің портты қалаларына үкіметтік емес ұйымдарға тиесілі заңсыз босқындар тиелген кемелердің тоқтауына тыйым салып келеді. Жаңа үкіметтің ойынша, босқындарға Еуропада емес «олардың өз үйлерінде» көмектесу керек. 

Сонымен қатар, босқындарды ЕО елдеріне жеткізу бизнесіне жол бермей әрі оларды қара жұмыс істеп, қолайсыз жағдайда өмір сүрулеріне мәжбүрлемеу керек. Егер, ЕО-ның өзге елдері босқындарды қабылдағылары келсе, онда бұны өздерінің территорияларында істеулері тиіс, - деп санайды жаңа үкімет.

 

Дереккөз: qazaqtimes.com

11 қыркүйек 2018, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.