Францияның полиция жексенбі күні Парижде болған пышақ арқылы шабуыл жасау ісінің басты күдіктісін тұтқындады. Апта соңында болған бұл шабуылдан 7 адам зардап шеккен, оның 2 Британия азаматы екені анықталған. Бұл туралы Reuters ақпараттық агенттігі хабар таратты.
Аталған ақпарат агенттігі Франция сот органдары берген дереккөздерге сілтеме жасай отырып, шабуылдың терроризмге қатысы бар екенін көрсететін нақты дәлелдің жоқ екенін айтты. Зардап шеккендер арасында 4 адамның жарақаты ауыр. Пышақ арқылы шабуыл жасау соңғы жылдары Еуропа қалаларында көбірек орын алған шабуыл әрекеті. Соңғы екі жылда пышақ арқылы шабуылдау Парижде көбірек болған. Бұндай шабуылдардың басым көбі терроризммен қатысы бары тұрақтанған.
Дереккөз: qazaqtimes.com