Атырау, 5 желтоқсан 12:19
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

2 мың теңге пайда көріп, 5 жылға сотталды

2 858 рет қаралды


Атырау қалалық №2 сотта ҚР ҚК 297 бабы 1 бөлімі бойынша айыпталған (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) қаланың 62 жастағы тұрғынына қатысты үкім шықты.

Тергеу барысында анықталғандай, сотталушы К. биылғы мамыр айында медициналық шприцтегі 0,12 грамм өңделген апиынды 2000 теңгеге сатқан.

- Сот отырысынды кінәлі өз кінәсін мойындамады әрі өкінбеді, - деп хабарлады №2 соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Фархат ӘБІЛОВ

7 қыркүйек 2018, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.