Атырау, 29 қараша 20:31
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Теһранда Ресей, Иран және Түркия президенттерінің саммиті басталды

1 918 просмотра


Бүгін Теһранда (Иран, Тегеран) Ресей, Иран және Түркия президенттерінің саммиті басталды. Бұл — сүриялық деэскалация аймағындағы бітім режимін сақтауға міндеттелген кепіл-елдердің үшінші кездесуі. Бұл туралы worldbulletin.net хабарлайды. 

Бірінші келіссөз 2017 жылдың қараша айында Ресейдің Сочи қаласында өтті. Екінші саммит осы жылдың сәуір айында Анкарада болды. Келіссөздер қорытындысы бойынша, тараптар жұмысты жалғастыратындарын білдіретін ортақ мәлімдеме қабылдады. Өткен жылы Владимир Путин, Режеп Тайып Ердоған және Хасан Рухани Сүрия ұлттық диалогының Конгресінің өткізу бастамасына ерекше көңіл бөлді. Еске салайық,  Сүрия Араб Республикасының (САР) түрлі этникалық  және діни топтары өкілдерінің конгресі үстіміздегі жылдың қаңтарында өтті. Анкарада өткен екінші саммит қорытындысы бойынша, САР-дың мемлекеттік құрылымы сүриялық қақтығысқа қатысушы тараптардың өкілдерінің арнайы конституциялық комитетін белгілеу керек еді, осы іске күш салуға БҰҰ-ның Сүрия ісі жөніндегі арнайы елшісі Стефан де Мистура уәде берген. Бүгін, 7-қыркүйек саммитінің негізгі тақырыптарының бірі Сүрияның Идлиб қаласы төңірегіндегі ахуал болмақ. Ақпарат құралдарының жазуынша, лидерлер «Сүрия мәселесін реттеудің барлық аспектілерін» талқылауға ниетті. Өткен жылы Иран, Ресей және Түркия САР территориясында деэскалация аймағын құруға келіскен еді. Тараптар осы арқылы аймақта қақтығысты тоқтату режимін сақтауға міндеттелген болатын. Алайда, бұл бітім ДАИШ, «Джабхат ән-Нусра» сынды террорлық топтарға қатысы болмаған. Ал, деэскалациялық аймақтардың бірі САР-дың батысында орналасқан Идлиб болуы керек еді.

 

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

7 қыркүйек 2018, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.