Атырау, 29 қараша 20:30
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Бразилияда президенттікке үміткерге шабуыл жасалды

1 105 просмотра


Бразилияның Жуиз-ди-Фору қаласында президенттікке үміткер Жаир Болсонаруға шабуыл жасалды. 

Сайлаушылармен кездесу барысында үміткерге пышақ сұққан. Оқыс оқиғадан кейін Жаир Болсонару жедел ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ал қаскөй тәртіп сақшыларының қолына түсті. Оның бұл қадамға неліктен барғаны әзірге белгісіз. Тергеу ісі басталды. Айта кетейік, бұл елде президенттік сайлау қазан айының 7-сінде басталады. Саяси додада Жаир Болсонару жеңіске жетуі мүмкін деген басты үміткердің бірі.

 

Дереккөз: 24.kz

 

7 қыркүйек 2018, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.