Иран риалы 5 қыркүйекте рекордты деңгейге жетіп, бір доллар 150 мың риалды құраумен бүгінге дейін болмаған валюта құнсыздануы орын алуда.
Бұл туралы Рейтер агенттігі британиялық агенттіңтің валюта биржасының мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды. 4 қыркүйек күні АҚШ-тың бір доллары 138 риалды құраса, бір күннің ішінде оның құны 150 мыңға өскен. Еске сала кетсек, Иран валютасының құлдырауын ел экономикасының әлсіреуімен, жергілікті банктердің қаржылық қиындықтарымен және республика азаматтарының арасындағы долларға деген сұраныспен байланыстырады. Сонымен қатар, риалдың құлдырауына АҚШ-тың Иранға салған санкциялары да аз әсер етпей отыр.
Дереккөз: qazaqtimes.com