Атырау, 29 қараша 20:46
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Хемництегі жағдай: неміс азаматын өлтірген адам жалған құжат пайдаланған

1 235 просмотра


Еуропаны шулатқан қылмыстан кейін бір аптадан аса уақыт өтті. Еске салсақ, Хемниц қаласында бірнеше мигрант 35 жастағы немісті пышақтап өлтірген еді. Бұл жұрттың жаппай шеруге шығып, полициямен қақтығысуына себеп болды. 

Хемництегі қылмыс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Германия прокуратурасы үшінші күдіктіге іздеу жариялаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол Ирак азаматы. Осыған дейін қолға түскен екі адам қамауда отыр. Олар Ирак пен Сирия азаматтары екені хабарланды. Айта кетері, полиция күдіктілер жалған құжаттар пайдаланғанын анықтады. Осы ретте қылмыскерлердің ұлты әлі де белгісіз болып отыр. 

Хайко Маас, Германия сыртқы істер министрі: - Көптеген адам, соның ішінде шет елдердегі әріптестерім Германияда не болып жатыр деп сұрап жатады. Сондықтан да демократиямызға адал қаншама адамның барына, неміс халқының көбісінің ұлт пен нәсілге бөлмейтін елде тұрғысы келетінін көрсеткеніне ризамын. Бұған қарсы шыққандардың саны аз болса да олар тым көп шулайды. Хемництегі соңғы ірі шеру өткен аптада болды. 

Миграциялық саясатты қолдайтындар мен қарсыластары бір мезгілде көшеге шыққан еді. Қазіргі таңда қаладағы жағдай тұрақталды. Алайда алдағы демалыс күндері наразылық шерулері қайталануы ықтимал. Германия канцлері Ангела Меркель қазан айында Хемницке баруды көздеп отыр.

 

Дереккөз: 24.kz

5 қыркүйек 2018, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.