Бүгін британиялық полиция қызметкерлері Скрипальдерді улады деген күдікпен екі орыс азаматын ұстады. «Reuters» агенттігінің мәліметінше, ұсталған қос күдікті Александр Петров пен Руслан Боширов Ресей азаматы және болған оқиғаға қатысты екеуінің кінәсін дәлелдейтін айғақтар жетерлік.
Біріккен Корольдік прокуратурасы ресейлік азаматтарды экстрадациялауды сұрамаймыз, бірақ істің ақ-қарасын ажыратып, тиісті қатаң жаза қолданамыз деді. Айта кетейік, осы жылы 4 наурызда Ресей Федерациясы Барлау қызметінің бұрынғы қызметкері Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипаль «Новичок» жүйке-сал ауруын тудырушы заттегі арқылы уланған болатын. Аса қауіпті химиялық қарудың Ресейде жасалынғаны анықталып, АҚШ пен Ұлыбритания бұл істе тікелей Ресейді айыптады. Аталған оқиғадан соң 30 маусымда Ұлыбританияның Эймсбери қаласындағы үйде ерлі-зайыпты Чарли Роули мен Дон Стерджесс те дәл осы заттекпен уланғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта екі күдікті қатаң бақылауда. Бүгінгі күнге дейін өзіне тағылған айыпты еш мойындамай келген Ресейдің ендігі әрекетін алдағы уақытта білетін боламыз.
Дереккөз: qazaqtimes.com