Атырау, 19 ақпан 21:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.30
€ 578.94
₽ 6.38

Трамп Идлибте Сирия әскерінің әскери операциясының алдын алуға шақырды

1 203 рет қаралды
Фото: Manuel Balce Ceneta / AP

АҚШ президенті Дональд Трамп Сирия әскерінің Идлиб провинциясына шабуыл жасау мүмкіндігі "үлкен гуманитарлық қателік" болатынын айтып және оған жол бермеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап. 

"Сирия президенті Башар Асад жайдан-жай Идлиб провинциясына шабуыл жасамауы керек. Орыстар мен ирандықтар мұндай адам қайғысына қатысса үлкен гуманитарлық қателік жіберуші еді. Мыңдаған адам мерт болар еді. Оған жол бермеңдер!", - деп жазды Трамп Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында.  Қазіргі уақытта Идлиб провинциясының аймағын Сирия үкімет күші қадағаламайды. Онда Сириялық оппозицияның қарулы күштері, сондай-ақ, Мәскеу мен Дамаск тұжырымынша, Сирия әскеріне қайта-қайта шабуыл жасап жатқан бірнеше топтың лаңкестері бар. Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіндегілердің хабарлауынша, Идлибтегі орасан қайғыға душар етер қарулы қақтығыстарға ешкім мүдделі емес.

 

Дереккөз: tengrinews.kz

 

4 қыркүйек 2018, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.