Атырау, 29 қараша 20:45
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Бразилиядағы ұлттық мұражайда болған өрттің себебі анықталды

1 521 просмотра


Рио-де-Жанейродағы ұлттық мұражайда болған өрттің себебі анықталды. Елдің мәдениет министрінің айтуынша, тозығы жеткен ескі ғимаратқа бірнеше жыл тиісті жөндеу жұмысы жасалмағаны себеп болды. 

2016 жылы Мишел Темер ел президенті болып сайланғаннан кейін мұражайға тиесілі бюджет күрт қысқартылғандықтан, жөндеу жұмысына қаражат бөлінбеген екен. 

Естеріңізге салайық, өртенген мұражай ішінде 20 миллионға жуық экспонаттар, оның ішінде археологиялық мәдени мұра, Мысыр және Оңтүстік Американың мумиялары мен басқа да жинақтамалар болған. 19 ғасырда бой көтерген бұл ғимарат елдің ең көне тарихи мұражайы еді. Үкімет басшысы шығынның көлемін есептеу мүмкін емес екенін айтты. Абырой болғанда, тілсіз жаудан жапа шеккендер болған жоқ. Өрт басталған кезде мұражай ішінде болған күзетшілер дереу сыртқа шығып үлгерген екен.

 

Дереккөз: 24.kz

 

3 қыркүйек 2018, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.