Атырау, 29 қараша 20:47
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Ресей АҚШ-пен ғарыш саласындағы келісімдерін тоқтатпақ

1 480 просмотра

Союз кемесі Халықаралық ғарыш станциясында. Фото: indianexpress.com

Ресей келесі жылы 19 сәуірден бастап АҚШ-пен жасасқан ғарыш тасымалына байланысты барлық келісімдердің күшін жоятынын мәлімдеді. 

Мұндай мәлімдемені Ресейдің вице-президенті Юрий Борисов жасады. Осыдан бұрын NASA ресейлік ғарыш кемесі арқылы 5 ғарышкерін Халықаралық ғарыш станциясына жеткізуге келісім алған. Бұл келісімнің кепілгерлері Boeing және ресейлік «Энергия» атты зымыран және ғарыш технологиялық компаниясы болатын. РФ вице-президенті жасаған мәлімдемеде, бұған дейін жасалған  NASA-ның немесе америкалық ғарышкерлерді Союз-МС ғарыш кемесі арқылы Халықаралық ғарыш станциясына жеткізу жөніндегі келісімдердің келесі жылы 19 сәуірден кейін жойылатыны мәлім болды. 

2019 жылдан кейін ғарышкерлерін жеткізу үшін Құрама Штаттың өз жоспарлары да бар. Ал, Ресей тарабы 2021 жылға дейін 13 рет ғарыш кемесін ұшыруды жоспарлаған.

Дереккөз: qazaqtimes.com

3 қыркүйек 2018, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.