Атырау, 29 қараша 20:39
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Донецкідегі сепаратистер жетекшісі Захарченко мерт болды

2 083 просмотра

Фото: ТАСС
Украинаның Донецк аймағындағы Ресей қолдайтын қарулы сепаратистердің жетекшісі Александр Захарченко 31 тамызда Донецк қаласындағы бір кафеде болған жарылыс кезінде қаза тапты. 

"Донецк ақпарат агенттігі" вебсайтында сепаратистердің әкімшілігіне сілтеме жасап, 42 жастағы Захарченконың Донецк орталығындағы жарылыстан мерт болғанын жазды.

Александр Тимофеев атты және бір сепаратистердің белгілі өкілі жарылыс кезінде жараланған. 

Ресейдің сыртқы істер министрлігі шабуылды Украинадан көріп, Киевті "қанды қақтығыс" бастағысы келді деп айыптады.

Украинаның қауіпсіздік қызметі шабуылды "терроршылар мен олардың ресейлік демеушілерінің арасындағы қақтығыс нәтижесі" етіп сипаттады. Александр Захарченко өзін "Донецк халық республикасының жетекшісі" деп көрсетіп келген.

2017 жылғы ақпанда "Гиви" атынып кеткен 36 жастағы Михаил Толстых есімді және бір сепаратист командир Донецкідегі кеңсесінде болған жарылыстан өлген. 2016 жылғы қазанда "Моторола" деген лақап атты Арсений Павлов деген және бір сепаратист командир осы қаладағы тұрғын үйінде бомба жарылып жан тапсырған. 2015 жылғы қаңтарда Луганскіде Александр Беднов есімді командир сепаратист билік өкілдерімен келіспей қалып, атыста өлген.

2014 жылы Украина ресейшіл президентін биліктен кетіріп, еуропашыл үкімет құрған соң Ресей Қырым түбегін аннексиялап алған еді. Іле-шала Украинаның шығысындағы Донецк және Луганск облыстарында Мәскеуге сүйенген қарулы ресейшіл сепаратистер бас көтеріп, аймақтың біраз ауданын басып алған. Содан бері жалғасып жатқан Украина әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы қарулы қақтығыс кезінде он мыңнан астам адам қаза тапты. Киев Мәскеуді сепартистерді қаржыландырып және қаруландырып отыр деп айыптайды. Ресей бұл қақтығысқа қатысы жоқ екенін мәлімдеп келеді.

Дереккөз: Аzattyq.org

1 қыркүйек 2018, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.