Жақында «АЖ» редакциясына Атыраудағы көпке белгілі мектеп-лицейінің бірінші сыныбына баратын бүлдіршіндердің ата-аналары хабарласып, өз уайымдарын жеткізді. Олардың айтуынша, мұғалімдер дүкендерден пән бойынша жұмыс дәптерлерін сатып алуға кеңес беріп жатыр екен, ал шынында оларды мектепте тегін бермей ме?
- Менің бір танысым мектепте жұмыс жасайды, оларда жұмыс дәптерлерін тегін берген. Дүкендерде дәптерлердің бағасы арзан емес, сатышулар үстіне баға қосады. Ал әр пән бойынша 2-3 жұмыс дәптері керек. Білім бөліміндегілер барлық оқулықтар мен әдістемелік әдебитетер тегін беріледі деді емес пе? Енді не істейміз? – деп сұрайды ата-ана.
Анықталғандай, көптеген ата-аналар қажетті жұмыс дәптерлерін сатып алған екен. «АЖ» тілшісі қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Алмабек АБДОЛОВПЕН хабарласқан кезде ол ештеңе сатып алынбайтынын, барлық оқушылар қажетті оқулықтармен тегін қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.
- Оқулықтар жағдайы түсінікті, ал жұмыс дәптерлері де тегін беріле ме?
- Жұмыс дәптерлері де тегін беріледі. Соңғы кезде бірінші сыныптардың саны күрт өсті, сондықтан оқулықтар алуға қайтадан сұраныс бердік. Тағы да қайталаймын, оқулықтар мен жұмыс дәптерлері бәріне де жетеді.
Анастасия АЛЮШИНА