ҚР мемлекеттік сатып алу сайтында «Атырау қаласы бойынша шекті рұқсат етілген шығарындылар» жиынтық томының құрастырылуына жергілікті бюджеттен 44,6 млн теңге бөлінгені жарияланған. Осынша қаражаттың қажеті қанша деген «АЖ» сұрағына облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қадыржан АРЫСТАН жауап берді.
- Бұл құжаттың көмегімен біз Атыраудағы шығарындылар көзінен қанша мөлшерде қандай ластаушы заттар шығарындысы болатынын білетін боламыз. Шынына келгенде бұл қаладағы барлық әлеуетті ауа ластаушылар туралы құжаттама болмақ, - деп жауап берді Арыстан бұл анықтаманың қажеттілігін түсіндіре отырып.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ