Атырау, 25 қараша 20:46
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мұндай көпірді үш жыл күтеді

Сурет Бейнежазба
5 751 просмотра


Атырау облысы Махамбет ауданы орталығын Есбол және Ортақшыл ауылдарымен (11 және 13-ауылдар) байланыстыратын Жайық өзені үстіндегі жаңа көпір құрылысы 2015 жылы қолға алынды.  Қосалқы мердігер басшыларының бірі жұмыстардың таяу арада аяқталып, пайдаланылуға берілетініне сендіріп отыр.

Мұнда, сондай-ақ, Атырау-Индер трассасымен байланыстыратын 8 шақырым автомобиль жолы салынады. Жаяу жүргінші жолы да қарастырылған. Көпірдің жалпы құны 9 млрд 550 млн теңге, қаржы республикалық және облыстық бюджеттен шығады. Бас мердігер «Атырауинжстрой» ЖШС болса, қосалқы мердігер - «Энергомост LTD» ЖШС.

Бүгінде құрылыс басында әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. «Энергомост LTD» ЖШС-нің құрылыс басындағы басшысы Парвиз АХМАДОВ көпір құрылысының ұзаққа созылу себебін технологияның күрделілігімен байланыстырады:

- Біз үш жылдан бері осы жұмысты атқарып келеміз, оның технологиясы өте күрделі. Өзеннің экологиялық тазалығы мен қауіпсіздігіне баса назар аударудамыз. Көріп отырсыздар, жұмыс қолы жеткілікті. Көпір құрылысын қыркүйектің аяғында толық бітіреміз деп отырмыз.   

    

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор 

28 тамыз 2018, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.