Еуропалық одақ ирандық ядролық бағдарлама бойынша келісімді жалғастырып жатыр. Бұл туралы Брюссельде Еурокомиссияның баспасөз хатшысы, Еуроодақтың дипломатиялық миссиясының басшысы Федерика Могеринидің өкілі Майя Косьянчич хабарлады.
Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифтің Тегеранның әлі де Еуроодақтан мұнайды саудалау және банктік транзакцияны жүргізуді жалғастыру бойынша кепілдік күтіп жүргенін айтқан болатын. Еске салайық, 7 тамыз күні Еуроодақ аумақта Иранға қатысты АҚШ-тың экстерриториалды санкцияны тоқтатқан болатын. Майя Косьянчич, Еурокомиссияның баспасөз хатшысы: – Жұмыс жалғасып жатыр. Еуропалық одақ келісім міндеттері орындалмайынша, кепіл болуға уәде етті. Сіздер біздің экономикалық байланысымыз арқылы қандай амалдар жасалғанын білесіздер, енді Иран ядролық бағдарламасы бойынша қандай шаралар қабылданатынынан да хабардарсыздар. Мен сіздерге одан артық ақпарат бере алмаймын, алайда жұмыстың жүріп жатқанын айтқым келеді.
Дереккөз: 24.kz