25 тамызда АҚШ сенаторы Джон Маккейн қайтыс болды. 82 жасқа таяған Маккейн қатерлі ісік дертінен жапа шеккен. Оның отбасы сенаторды жерлеу рәсіміне АҚШ президенті Дональд Трампты шақырмайтынын айтқан. Бұл туралы «The New York Times» тілшілері хабарлады.
Саяси мәселелерді талқылауда көзқарасы сай келмеген Трамп пен Маккейннің арасы сол күйі жақсармай кеткен. «Ер есімі – ел есінде» десек те, Трамп бұл ұғымды құптамайды. Трамп АҚШ-қа танымал тұлға және экс-сенатор Джон Маккейннің өмірден озғаны жайлы мәлімдемені жариялауға тыйым салды. Мәлімдемеде Маккейннің еңбек жолы, елге сіңірген қызметі баяндалған. Маңызды құжат сенатор өмірден озғанға дейін алдын ала жазылған болып шықты. Бірақ, Маккейн есімін ұлықтауға Ақ үй иесі үзілді-кесілді қарсылық танытты.
Дереккөз: qazaqtimes.com