Атырау, 17 желтоқсан 18:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

Францияда 14,5 мың мемқызметші қысқартылмақ

1 945 рет қаралды


Франция үкіметі мемлекеттік қызметшілер аппаратына ауқымды оңтайландыру жүргізбек. Соның аясында таяу екі жылдың ішінде  14,5 мың жұмыс орнын қысқарту жоспарлануда. Бұл туралы республиканың премьер-министрі Эдуар Филипп Le Journal du Dimanche басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

"2019 жылы біз шамамен 4,5 мың жұмыс орнын қысқартуды қарастырудамыз. Ал 2020 жылы бұл цифр  10 мыңнан асады»,-деп хабарлады премьер. Филиптің атап өтуінше, оның үкіметі президент Эмманюэль Макронның сайлау алдында берген уәдесінің бірін осылайша орындамақ. Эмманюэль Макрон өзінің сайлау науқаны барысында 5 жылдық президенттік мерзім ішінде (2017 жылдан бастап 2022 жылға дейін) мемлекеттік аппарат құрылымын оңтайландыра отырып, жалпы алғанда 50 мың мемлекеттік қызметшіні қысқарту ниеті туралы мәлімдеген болатын.  

 

Дереккөз: inform.kz

27 тамыз 2018, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.