Атырау, 29 қараша 20:46
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

ДАИШ террорлық ұйымының жетекшісі қаза тапты

1 494 просмотра



ДАИШ террорлық ұйымының Ауғанстандағы жетекшісі қаза тапты, - деп хабарлайды Ауған үкіметі. 

Кабулдағы Ұлттық қауіпсіздік басқармасының ақпаратына сәйкес, Ұйымның Ауғанстандағы тармағының жетекшісі Әбу Саад Әрхаби сенбі күні кешке Нангархар қаласындағы соққы салдарынан қаза тапқан. Сонымен қатар, Ауғанстанық және шетелдік күштердің біріккен әуе және құрлықтық операциялары кезінде аталған террорлық топтың он мүшесі қаза тауып, ұйымға тиесілі оқ-дәрілер мен қару-жарақтардың да көп бөлігі жойылған. Әбу Саад Әрхаби Ислам мемлекетінің Ауғанстандағы төртінші жетекшісі. Бұрынғы жетекші Әбу Саид Нарнархардағы кезекті соққы кезінде өлтірілген екен. Айта кету керек, Ауғанстандағы Ислам мемлекетінің бөлімшесі 2015 жылдан бері тәлібтермен, ауғандық және америкалық күштермен белсенді күрес жүргізіп келеді. БҰҰ мәліметі бойынша, Ислам мемлекетінің Ауғанстандағы террористерінің саны 3,5-4,5 мың адамнан асады.

 

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

27 тамыз 2018, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.