Атырау, 29 қараша 20:50
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Германия Қарабах дауын реттеуді өз мойнына алуға ниетті

2 097 просмотра



Германия канцлері алғаш рет Ереванға ресми сапармен барып, Армения президенті Армен Саркисянмен және премьер-министр Никол Пашинянмен келіссөздер жасасқан, деп хабарлайды haberler.com. 

Германия Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минск тобының мүшесі ретінде Нагор-Қарабах дауын реттеу мәселесіне қатысты жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын. Жұма күні Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянмен өткен бирифингте Меркель осындай мәлімдеме жасаған. 

«Өздеріңіз де білесіздер, Германия ЕҚЫҰ-ның Минск тобының мүшесі болып табылады. Біз, Армения премьер-министрімен Қарабах мәселесінің оңынан шешілуіне қатысты мәселені талқыладық. Германия осы дауды шешуге дайын», - деп мәлімдеген канцлер. ЕО пен ЕЭО-ның өзара әрекеті "Еуразия Экономикалық Одағы (ЕЭО) мен Еуропа Одағының (ЕО) жақын арада келіссөздер жасау екіталай деген" , -  Меркель: «Армения Ресей және ЕҚЫҰ-мен бір уақытта жақсы қарым-қатынаста болудың жарқын үлгісін жасап отырған ел. Мен, ЕЭО мен ЕО арасында жақын күндері осы мәселеге қатысты келіссөз бола қояды деп ойламаймын. Бірақ, Арменияның осындай саяси ұстанымдары әйтеуір бір күні сондай күннің болатынын көрсетеді», - деген Германия канцлері. Негізі, 1 маусымнан бастап, Армения мен ЕО арасында уақытша келісімшарт басталған.

Айта кету керек, Еуроодақпен арадағы серіктестік келісімшартқа 2017 жылдың 27 қарашасында Брюссельде қол қойылған еді.

 

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

25 тамыз 2018, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.