Үстіміздегі жылдың 24 тамызында azh.kz сайтына шыққан «Тамыз педсоветі» мақаласында тілшінің кінәсінен қате кеткен. Екінші сөйлемді төмендегіше оқуды сұраймыз: «Іс-шара президенттің жұмыс сапарымен сәйкес келгендіктен көптеген шенеуніктер мұнда қатыса алмады, ал облыстық білім басқармасының басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВ жиын соңында әріптестеріне өңір бойынша білім саласындағы жалпы ахуал туралы айтып берді». Кеткен олқылықтар үшін оқырмандар мен Қ. Кенжеғалиевтан ғапу өтінеміз.