Америкалық National Interest сараптамалық басылымы Ресей Қарулы күштерінің АҚШ-тан басым үш тұсын атады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru порталына сілтеме жасап.
Стратегиялық және халықаралық зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Лайз Сэмптің айтуынша, Ресей жалпы әскери ұрыс пен кибер соғыста алысқа ататын зымыран жүйесінің көмегімен «қорғаныс саласын» құру бойынша АҚШ-та көш ілгері.
Ол сонымен қатар, Вашингтонның Мәскеуден нақты артта қалып отырғанын, сондықтан Ресей АҚШ пен оның одақтастары тарапынан болатын әрекетке жауап беруге қауқарлы екенін жеткізді.
АҚШ Қорғаныс министрі басшысының бұрынғы орынбасары Эвелин Фаркас өз кезегінде Мәскеудің қаннатты зымыран және әуе шабуылына қарсы қорғаныс сияқты маңызды салаларда күш алғандығын айтып өтті. Фаркастың ойынша, РФ Қарулы күштеріндегі сауатты жетілдірудің соңы АҚШ үшін үлкен проблемаға әкеледі.
Дереккөз: baq.kz