Атырау, 29 қараша 22:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Аустралияда үкімет басшысы ауысты

1 602 просмотра



Үкімет қазынашысы Скотт Моррисон премьер Малкольм Тернбулдың орнын алмастырады, деп хабарлайды Анадолы агенттігі. 

Сонымен қатар, Моррисон басқарушы коалицияның құрамына енетін Либералдық партияның көшбасшысы болып сайланды. Либералдық партия көшбасшысы лауазымына талас-тартыс барысында Тернбулл алғашқы кезеңде 48 дауыспен жеңіске жеткен. Алайда оның қарсыластары қайтадан дауыс беруді өткізуді талап еткен. Сайлау кезінде үкімет мүшелерінің бірқатары партияішілік оппозицияның жағына өтіп кетті. Өз кезегінде, Тернбулл екінші мәрте үміткер болудан бас тартты. Сөйтіп, дауыс беру нәтижелеріне сәйкес, партия көшбасшысы лауазымына үкімет қазынашысы Скотт Моррисон сайланды. Моррисон автоматты түрде елдің отызыншы премьер-министрі атанды.    

 

Дереккөз: inform.kz

24 тамыз 2018, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.