Атырау, 29 қараша 22:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Кремль "теңізге құлаған зымыран туралы" ақпаратты терістеді

1 071 просмотра


 

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков америкалық телеарнаның "Ресей 2017 жылы Баренц теңізінде ядролық құрылғысы бар зымыранын жоғалтты" деген ақпаратын терістеді.

21 тамызда CNBC телеарнасы "ресейлік зымыран 2017 жылы қарашада сәтсіз сынақтан соң теңізге құлағанын" хабарлаған. Телеарна сонымен қатар Ресейдің жоғалған зымыранды бірі радиоактивті материалмен жұмыс істеуге жабдықталған үш кемемен іздеуді жоспарлап отырғанын да хабарлаған.

"АҚШ телеарнасында айтылғандай дерек менде жоқ және мұны қорғаныс министрлігінен сұрауға кеңес беремін" деді Песков журналистерге.

Биыл наурызда Ресей президенті Владимир Путин жаңа "ядролық құрылғысы бар" жаңа зымыранын таныстырып, оның ұшу қашықтығы шексіз екенін мәлімдеген.

Дереккөз: azattyq.org

 

 

23 тамыз 2018, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.