«АЖ» редакциясына мұнайлы астананың сол жағасындағы Даңқ орденінің толық және басқа да әскери марапаттардың иегері Ғиззат Әліпов көшесінің тұрғындары хабарласты. Осыдан он шақты жыл бұрын олар тұрып жатқан №9 үйдің жанына «тоқтауға және тұруға болмайды» деген белгі орнатқан еді. Шынын айтсақ, бөлек бағанаға ақша үнемдеп, көше шамының тұрбасына іле салған. Сол уақыттан бері бұл жер жол-патрульдік қызметінің «табыс көзіне» айналған.
- Бұл жерде шағын және орта бизнес субъектілері бар. Солардың тұтынушылары мен өзге де қонақтарына жиі айыппұл салады. Бірақ бұл тұрақтың бізге де, көліктерге де кедергі келтіріп жатқан жоқ, - дейді №9 үй тұрғындары.
- Шынымен, белгі заңсыз орнатылған. Оны 2006 жылы тұрғындардың бірінің шағымынан кейін іле салған. Қалалық ТКШ бөліміне ұйғарым берілді, жақын арада алып тастаймыз, - деп хабарлады Атырау облыстық ІІД. Айтпақшы, Әліпов көшесі полиция ғимаратынан алыс емес екенін айтып өткен жөн болар.
Сонымен қатар, ІІД облыстық прокуратура жанындағы тұраққа полицейлердің жеке көліктерін қоюының заңсыз екенін растады және мәселемен айналысуға уәде берді.
Фархат ӘБІЛОВ
Суретті түсірген автор