Атырау облысы Жылыой ауданында 20 тамызға қараған түні сағат 00.30 шамасында Теңіз вахташылар қалашығында ескі, адам тұрмайтын жатақхана өртеніп, үш адам өлді.
"Казпромставба Қулсары" ЖШС-нің ескі жатақханасында өрт кезінде үш адамның не себептен болғаны белгісіз. Олардың екеуі жергілікті тұрғындар, сол жердегі базаның күзетшілері, біреуі Қызылқоға ауданының тұрғыны, жүргізуші екені анықталды.
Бір қабатты жатақхана ескі, әрі қолданыстан шығарылған. Аудандық ТЖ бастығы міндетін атқарушы Қобылан КЕНЖЕБЕКОВТІҢ айтуынша, өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Сараптама тағайындалды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА