Көктем мен жазда Атырау облысындағы жеті ауданның үшеуі – Махамбет, Мақат және Жылыой аудандарының әкімдері ауысты. «АЖ» тілшісі шенеунік кадрлардың осындай тұрақсыздығының себебін анықтады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ұлттық бюросының жергілікті департаментінде тәжірибелі Сырым РЫСҚАЛИЕВТІҢ (облыстық ауыл шаруашылығы басқармасын, Мақат және Қызылқоға аудандарын басқарды, облыс әкімінің орынбасарына дейін көтерілді) бір сәтте Махамбет ауданы басшысы лауазымынан айырылып қалуына қарамағына бұрын жемқорлығы үшін істі болған адамды алғаны себеп болғанын растады. Аудандық соттың шешімімен Рысқалиев ҚР ӘҚтК-ның 681-бабы (Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғаны жұмысқа қабылдау) бойынша кінәлі деп танылып, 100 АЕК (24 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынған. Осыдан кейін ол «өз қалауымен» жұмыстан босату туралы өтініш жазған. Бір апта өткеннен кейін облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ оның орнына тәжірибелі Жәрдемғали АХМЕТОВТЫ (Жылыой ауданы әкімінің орынбасары, оған дейін Исатай ауданын, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарған) тағайындады.
Осы жылдың 30 наурызында Тәртіптік кеңес отырысындаНоғаевтың өкімімен сол кездегі Мақат ауданы әкімі Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВКЕ және оның аппарат басшысы Жарас ЕСЕНҒАЛИЕВҚА аудан әкімі орынбасары мен құрылыс бөлімі басшысының пара алып ұсталуына байланысты «ҚР мемлекеттік қызметшісінің ар-намыс кодексін» бұзғаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Бұлардың сот процесі аяқталмастан бұрын Нұрлан Асқарұлы аудан басшысын ауыстырды – бұрын облыстық ТКШ және энергетика басқармасын басқарған Жұмабай ҚАРАҒАЕВ әкім болды.
3 шілдеде Жылыой ауданы әкімі де ауысты, алайда мұнда «былық» болмады, айыпты әріптестерінен айырмашылығы Әлимұхамед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ мұнайлы астананың әкімі болды. Ал оның орнына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Астана мен Алматы қаржы полициясында 10 жылдай жұмыс істеген Азамат БЕКЕТ тағайындалды.
Фархат ӘБІЛОВ