Атырау, 25 қараша 20:36
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ауа ластаудан көш бастап тұрмыз

5 935 просмотра


«Қазгидромет» РМК шілде айындағы өңірлердегі ауа сапасын зерттеу туралы есепті жариялады. Ластану деңгейі бойынша 52 СИ көрсеткішімен («стандартты индекс», газдың ең жоғары шамасын шекті рұқсат етілген шоғырлануға бөлу арқылы шығарылады) Атырау алғаш рет «чемпион» атанды.

Ал бір ай бұрын, яғни, маусымдағы мәліметтерге сәйкес, мұнайлы астана 13 есе аз индекс алып, Қазақстанның газ жайлаған қалаларының шеруінде 8-орынға ие болған еді. Бір қызығы, «ластанудың қайталануы» категориясында Атырау тізімде жоқ, ал Құлсарының көрсеткіші – 0.

Біздің қаламыздан бөлек, «ауасы өте лас» қалалардың тізіміне Астана, Алматы және Ақтөбе кірген. Ал, аудан орталығы Құлсары «ластану деңгейі жоғары» қалалардың қатарында.

Экологтардың пікірінше, елді мекендердегі ауаның жоғары деңгейдегі ластану себептері үш факторға байланысты болуы мүмкін: автокөлік кептелісі, өнеркәсіптік кәсіпорындардың эмиссиялары мен желдің болмауы.

«Қазгидрометтің» мәліметіне сәйкес, шілдеде Атырау облысында қатардағы ауа ластануының 227 фактісі және ластанудың 23 төтенше шоғырлануы тіркелген.


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

20 тамыз 2018, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.