Түркия мен Катар орталық банктері валюта айырбастау бойынша Доха қаласында екіжақты келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anadolu басылымына сілтеме жасап.
Құжат Катардың Түркия экономикасына 15 миллиард доллар инвестициялау жобасының алғашқы қадамы болып саналады. Құжатқа Түркия орталық банкінің басшысы Мурат Четинкая және Катар орталық банкінің президенті Абдулла бин Сауд Аль-Тани қол қойған. Қол қою рәсімі Катар ОБ бас кеңсесінде болған.
Келісімнің мақсаты - екі ел арасында ұлттық валютада сауда айналымын жеңілдету және қаржылай тұрақтылықты қолдау. Сонымен қатар, келісім Түркия резервінің нығаюына өз әсерін береді. Келісімнің бірінші кезеңінде 3 миллиард доллар көлемінде ресурстар пайдаланылады.
Дереккөз: tengrinews.kz