Сауд-Арабиясының жетекшілігіндегі араб одағының әскери ұшағынан Йемендегі балалар автобусына тасталған жарылғыш затты Әр-Риадқа АҚШ жеткізген болып шықты.
Бұл туралы «france24.com/fr» хабарлайды. Мамандар шабуылдан кейін түсірілген суреттер бойынша сынық қалдықтарын теңестірген. Сынықтың 227 келілік MK-82 бомба қалдықтары екені расталған. Оны АҚШ-тың Қорғаныс министрлігінің негізгі әскери мердігері «Lockheed Martin» өндіреді. Мамандардың айтуынша, Парсы шығанағындағы монархия негізінен, америкалық және британиялық қару өнімдеріне тапсырыс беруші болып табылады екен. Еске сала кетейік, 9 тамыз күні Сауд-Арабия жетекшілігіндегі араб одағының әуе шабуылы кезінде Йеменде балалар мінген автобус жарылған еді. Көтерілісші хүситтердің мәлімдеуінше, шабуыл салдарынан 40 бала қаза тапқан болатын.
Дереккөз: qazaqtimes.com