Атырау, 29 қараша 23:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Әлемдегі ең кедей президент зейнетақыдан бас тартты

2 514 просмотра


Әлемдегі ең кедей президент атанған Уругвайдың бұрынғы президенті Хосе Мухика сенатордың зейнетақысынан бас тартты, деп хабарлады The Telegraph

Мухика 2010-2015 жылдары Уругвайдың президенті болды, кейін елдің Сенатына сайланды. Мерзімі 2020 жылға дейін болса да, ол тамызда қызметінен босату туралы өтініш жазды. Экс-президент өз әрекетін "ұзақ жолдан шаршағанымен" түсіндірді. Сыншылардың пікірінше, ол президенттік сайлауға қатысу үшін сенаторлықтан кетті - Уругвайда мемлекет басшысын сайлау 2019 жылы өтеді. 

83 жастағы Мухика 14 жыл түрмеде отырған. Ол Монтевидео төңірегіндегі күтушісі жоқ, су тартылмаған жерде тұрады. 

Президент болып жүргенде ол президент сарайында тұрудан бас тартқан және еңбекақысының көп бөлігін қайырымдылыққа жұмсаған. Президент лауазымында жүрсе де оның атында тек автомобиль болған - 1987 жылғы Volkswagen Beetle.

Дереккөз: tengrinews.kz

19 тамыз 2018, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.