Атырау, 17 желтоқсан 17:08
 бұлттыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​АҚШ Орталық барлау басқармасының 30 агенті Қытайда өлтірілген - БАҚ

1 391 рет қаралды


2017 жылы The New York Times газеті Орталық барлау басқармасы агентурасының тарихындағы сұмдық жайлы жазды: 2010-2012 жылдары Қытайда ондаған америкалық агент өлтіріліп, қамалған, ал ондаған жылдар бойы жасалған желінің дымы қалмаған.

АҚШ-та тергеу барысында ОББ бұрынғы қызметкері Джерри Чунь Шин Ли ұсталған - Қытайға агентуралық желіні дәл осы адам ұстап берді делінді. 2018 жылдың қаңтарында оған ресми айып тағылды. 

15 тамызда Foreign Policy басылымы материал жариялады, онда ОББ-ның 30 қызметкері мен қытайлық байланыстағы адамдары өлім жазасына кесілгені айтылады, ал желі сатқынның кесірінен ғана емес, коммуникация жүйесіндегі қателерге байланысты да жойылғаны айтылады, - деп жазады Meduza. 

ОББ мен ФТБ арнайы комиссиясы бұл сәтсіздікке үш фактордың болған деген шешімге келді - сатқындық, агенттердің ұқыпсыз жұмысы және коммуникация жүйесінен деректердің таралып кетуі. 

Дереккөз: tengrinews.kz

17 тамыз 2018, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.