Атырау, 23 желтоқсан 11:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Тал түбінен табылған бала оқиғасы: Мұхаммед өзін әкесі ұрмағанын айтты

2 091 рет қаралды


Әлеуметтік желілерде ағаш түбінен табылған 4 жасар баланың бейнежазбасы жарияланды. Мухаммед басына қалай зақым келгенін анасына ишарамен түсіндірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бейнежазбада Мухаммед анасының  қойған сұрақтарына жауап береді. Ол өзін әкесі таспен  ұрмағанын тұспалдап, көлік қаққанын көрсетеді. 

Сондай-ақ, видеода Мухаммедтің үйінде балалармен ойнап отырғанын көре аламыз. Бұған дейін оның ауруханадан шыққанын, жаңдайы жақсарып үйіне жіберілгенін хабарлаған болатынбыз. 

Еске сала кетсек, жантүршігерлік оқиға 16 шілде күні Алматыдағы шығыс айналма жолына жақын Брянская көшесінде болған. 4 жасар бала қан жоса болған күйінше тал түбінен табылған еді. Кейін оны ұрған өз әкесі екені анықталып, күдікті қылмысын мойындаған.

Дереккөз: inform.kz

16 тамыз 2018, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.