Атырау, 29 қараша 23:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Катар Түркия экономикасына 15 миллиард доллар қаржы құймақ

2 308 просмотра


Катар Түркия экономикасына 15 миллиард доллар қаржы құймақ. Түркия президент әкімшілігі баспасөз қызметінің мәліметінше, тамыз айының 15-і күні Анкара қаласында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Катар шейхі Тамим әль Тани кездескен. 

Кездесу барысында Катар тарапы АҚШ санкцияларынан әлсіреген Түркия экономикасына 15 миллиард доллар қаржы құюға дайын екендігін жеткізген. Естеріңізге салайық, 2017 жылдың маусым айындағы Катар мен Сауд Арабиясы арасындағы дауда Түркия билігі ресми Доханы қолдаған. 

Катардан Мысыр, Сауд Арабия, Кувейт сияқты мемлекеттер сырт айналып, барлық дипломатиялық қарым-қатынастарын үзген сәтте Түркия Катарға гуманитарлық көмек жіберіп, аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін елге әскер кіргізген.

Дереккөз: “The Qazaq Times

16 тамыз 2018, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.