Атырау, 29 қараша 23:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Трамп ЦРУ экс-басшысын құпия ақпаратқа қол жету құқығынан айырды

1 196 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамп Орталық барлау басқармасының (немесе ЦРУ) бұрынғы директоры Джон Бреннанды құпия ақпаратқа қол жету құқығынан айырды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс хабарлады.

Трамп Бреннанды құпия ақпаратқа ие болу құқығын "теріс мақсатта пайдаланып", президент әкімшілігі айналасында "бейберекеттік" тудырды деп айыптайды. Сандерс АҚШ президенті сонымен қатар тағы бірнеше шенеунікті құпия ақпаратқа қол жетімділік құқығынан айыруды көздеп отырғанын айтты. Олардың қатарында ЦРУ-дың бұрынғы директоры Майкл Хэйден, Федералдық тергеу бюросының бұрынғы басшысы Джеймс Коми, ұлттық қауіпсіздік бойынша бұрынғы кеңесші Сьюзан Райс және Ұлттық барлау қызметінің бұрынғы басшысы Джеймс Клэппер бар.

Джон Бреннан ЦРУ-ды 2013-2017 жылдары басқарған. Ол Twitter-де Трамптың атына талай рет сын айтқан. Бреннан Трамптың Ресей президенті Владимир Путиннің нұсқауымен әрекет ететінін мәлімдеген. Ол соңғы твитіндеТрамптың "парасаттылық, әдептілік пен шыншылдықтың ең қарапайым деген талаптарына сай келмейтінін" жазған еді.

Дереккөз: azattyq.org

16 тамыз 2018, 13:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.