Украина қауіпсіздік қызметі тергеу басқармасының бұрынғы басшысы генерал-майор Василий Вовк Киевке Ресеймен арадағы шекараны толықтай жабу қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru порталына сілтеме жасап.
«Егер біз теміржол байланысын жабатын болсақ, онда барлығын жабайық. РФ шекарасындағы барлық қарым-қатынасты тоқтатайық онда. Егер бізде соғыс болып жатса, ол солай болуы керек», - деді Вовк.
Сонымен қатар ол Украина мен РФ-ның барлық қатынасына қарсы еместігін білдірді. Оның үстіне үкіметке мұндай әрекетке бармас бұрын оның салдарын есепке алуға шақырды. Өйткені көптеген азамат Ресейде жұмыс істеп жүр және оларға қайту керек болады.
Еске салсақ, бұған дейін Украина инфрақұрылым министрі Владимир Омелян Киевтің Мәскеумен арадағы теміржол байланысын жабуды талқылап жатқанын жеткізген.
Дереккөз: Baq.kz