Атырау, 29 қараша 23:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Түркиядан "Трамптың төзімін тауыспауды" сұрады

1 243 просмотра


АҚШ вице-президенті Майк Пенс Түркиядан "Трамптың төзімін тауыспауға" және америкалық пастор Эндрю Брансонды бостандыққа шығаруды сұрады, - деп хабарлайды РИА Новости. 

 "Пастор Эндрю Брансон - Түркияда ұсталып отырған кінәсіз адам. Президент және мен Брансон отбасына, достары мен АҚШ-тағы шіркеуге оралмайынша біз өз дегенімізден қайтпаймыз", - деп жазған Пенс Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында.  "Түркия өзге елде әділетсіз қамалып отырған америкалықтарды АҚШ-қа қайтарғысы келетін президент Трамптың төзімін тауыспағаны дұрыс", - деп мәлімеді ол. 

Соңғы уақытта Вашингтон мен Анкараның қарым-қатынасы қиындап кетті, ол 2016 жылы түрік билігі қамауға алған америкалық пастор Эндрю Брансонға байланысты. Тамыздың басында АҚШ Қаржы министрлігі Түркияның Әділет министрлігінің басшысы Абдуламит Гүлге және Ішкі істер министрінің басшысы Сүлейман Сойлуға "адам құқықтарын айтарлықтай бұзды" деп айыптап, санкциялар салған еді.  Дүйсенбіде түрік лирасы тарихи минимумына жетті, бір доллар 7 лираға тең болды.

Бұл АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні Түркиядан келетін алюминий мен болатқа баж салығын екі есе, тиісінше 20 және 50 пайызға дейін көтеру туралы шешім шығарылғанын мәлімдегеннен кейін болды.  Алайда сауданың нәтижесінде сәрсенбіде түрік лирасы 16 пайызға қымбаттап, долларына 6 лира болып нығайды.  Ал Түркия өз кезегінде құжатқа сәйкес, АҚШ-тан импортталатын тауарлардың баж салығын өсірді. Мысалы, темекі өнімдерінің баж салығы 60 пайызға, алкоголь 140 пайызға, автомобильдер 120, косметика заттары 60 пайызға, күріш 50 пайызға және жемістердің баж салығы 20 пайызға өскен. Бұдан бөлек тағы бірнеше тауарлардың баж салығы өскені жазылған.

Дереккөз: tengrinews.kz

16 тамыз 2018, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.