Атырау, 22 қараша 19:27
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

«Өзіміз кесеміз - өзіміз отырғызамыз»

Сурет
3 022 просмотра


Редакцияға Авангард төртінші ықшамаудандағы №8 үйдің тұрғыны хабарласты: терможаңғырту барысында жұмысшылар су кететін ескі шатырды жөндеп қана қоймай, жайқалған  ағаштардың талдарын да жоқ қылады екен. «Экологиямыз нашар болғандықтан, әрбір жасыл жапырақты қорғауымыз керек қой, ал мында!..» - деп әйел қынжылыс білдірді.

Біз мердігер - «Каспий Бәйтерек Сервис» ЖШС басшысы Қайырбек ТОҚМЫРЗИЕВҚА хабарластық.

- Қазір қасбетті бояуға кірістік, ағаштардың қалың бұталары құрылыс ағаштары мен гидрокөтергіштерді орнатуға кедергі келтіреді. Кейбір бұтақтарын кесуге тура келеді. Бірақ онда қураған бұтақтар да көп. Тағы бір нәрсе: осы үйдің кейбір тұрғындары өздері келіп, терезелер мен балкондарға тиіп тұрған бұтақтарды кесуді өтінеді, бірақ бұл ПИК-пен келісілуі керек, - дейді Тоқмырзиев.

- Үй жанында кесіліп тау болып үйіліп жатқан жасыл бұтақтарды көру ынжылтады екен...

- Мен өз қаражатымнан бұл жерге жаңа ағаштар отырғызуға дайынмын. Тек ПИК отырғызу орнын белгілеуі керек, өйткені, үйдің екі жағына көпжылдық ағаштар тығыз отырғызылған. Ол жерге жаңа ағаштар отырғызу орынсыз болады, олар бір-бірін өсіруге жол бермейді. Менің медициналық білімім бар, фармакогнозияны (дәрілік өсімдіктер туралы ғылым) оқыдым - не туралы айтып отырғанымды білемін. Барлық ағаштар бір-бірінен 6 метр қашықтықта отырғызылуы тиіс. ПИК орын белгілегеннен кейін бірден жаңаларын отырғызамыз.

ПИК-тегілер мердігер ұйыммен бұл мәселелерді шешуге уәде берді. Бұл жерге жаңа ағаштар отырғызылады. Бірақ қазір емес.

Анастасия АЛЮШИНА

Суреттерді түсірген автор

16 тамыз 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.