Атырау, 29 қараша 23:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Германия «Aquarius»-тағы 50 босқынды қабылдауға келісті

1 136 просмотра


Германия «Aquarius» құтқару кемесіндегі 50 босқынды қабылдауға ниетті, - деп хабарлайды DW ГФР (Германия Федеративті Республикасы) Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын Мальта да «Aquarius» құтқару кемесін қабылдауға дайын екенін жариялаған еді. Мальта премьер-министрі Джозеф Мускаттың сөзінше, сосын кемедегі 140 босқын Германия, Франция, Люксембург, Португалия және Испания арасында бөлінбек.

Өткен аптада екі айлық үзілістен кейін «Aquarius» өзінің оныншы құтқару операциясы кезінде 141 босқынды мінгізген еді. Олар Ливия жағалауынан шамамен 46 шақырымда жүзіп жүрген екі ағаш қайықтан құтқарылған еді. 

Еске салайық, осы жылдың маусым айында Италия Жерорта теңізінен 600-ден астам босқын тиелген «Aquarius» құтқару кемесін қабылдаудан бас тартқан болатын. Оның артынша Мальта да аталған кемені қабылдаудан бас тартқан еді. 

Кейіннен Испания үкіметінің өкілі Педро Санчес өздерінің оларды қабылдауға дайын екенін хабарлаған. 17  маусым күні «Aquarius»-ғы 600-ден астам босқын Валенсияға жеткізілген.

Дереккөз: “The Qazaq Times

15 тамыз 2018, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.