Атырау, 28 наурыз 14:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Трамп Қытайды жан-жақты қыспаққа алатын заңға қол қойды

1 751 просмотра


Трамп "2019 жылға арналған қаржы және қорғаныс құқығын қорғау туралы" заңға қол қойды.

АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні Сенат пен Өкілдер палатасының қабылдаған «2019 жылға арналған қаржы және қорғаныс құқығын қорғау туралы» заңға қол қойды. Бұл құжатта АҚШ-Қытай қатынасына қатысты бірқатар мазмұндар бар. Жобада Құрама Штаттар мен Тайуан (Тайвань) арасындағы қорғаныс ынтымақтастығын нығайту, Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі әскери әрекеттерін тежеу, Тайуанға қаратқан әскери оқу-жаттығуларына тыйым салу қатарлы мазмұндар кірістірілген.

Бұлардан тыс заң жобасы шетелдік инвесторларды, инвестиция ағымын бақылауды күшейте түспек. АҚШ-тың «2019 жылға арналған қаржы және қорғаныс құқығын қорғау туралы» заңына сәйкес, Трамп үкіметі кешенді жобаларды жүзеге асыруға бастамашы болуы тиіс.

Ал, Қытай ісі жөнінде Қытайдың өнеркәсіптік саясаты, саяси ықпалы, аймақтық және жаһандық әскери әлеуеті сияқты көптеген салаларда қадағалаушылық етіп, тежеу, қарсы тұру шаралары арқылы АҚШ мүдделерін қорғау сынды міндеттері бар. Трамптың аталған заңға дүйсенбі күні түстен кейін Нью-Йорктегі Друмгург әскери базасында қол қоюының өзі де өзіндік мәнге ие деуге болады. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

15 тамыз 2018, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.