Атырау, 24 сәуір 07:40
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Александр Кузнецовқа іздеу жарияланады

1 679 просмотра


"Чукотка" барында болған төбелестен кейін сотталған Александр Кузнецовқа іздеу жарияланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы облыстық прокуратурасының өкілдері мәлімдеді. 

2018 жылдың 2 шілдесінде Кузнецов бостандыққа шыққан болатын - оның өтелмеген бес жыл уақыт мерзімі айыппұлға ауыстырылған еді. Айыппұл сомасы - 1 097 281 теңге. Бірақ 14 тамызда Алматы облыстық соты бұл шешімді алып тастады. Сондықтан Кузнецов қайтадан колонияға жеткізілуі тиіс болатын. Судья БАҚ-та жарияланған хабарламалардан Кузнецовтың елден кетіп қалғаны жайлы білгенін айтады. 

Еске сала кетейік, бұл оқиға 2015 жылы 6 наурызда Гоголь көшесінің бойында орналасқан "Чукотка" бары маңында болған еді. Төбелестен бір адамның қаза болғаны хабарланған. Бірінші сатыдағы сот Александр Кузнецовты ҚР ҚК-нің 104-бабында қарастырылған қылмыс бойынша айыпты деп танып, осы бап бойынша колониялық режимде түзету колониясына бір жыл алты айға бас бостандығынан айыру туралы жаза кескен. 

Кузнецовтың адвокаты үкімге шағым түсіретінін мәлімдеді. Жәбірленуші тарап сот шешіміне шағым келтірмейтінін жеткізді. 

Дереккөз: tengrinews.kz

15 тамыз 2018, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.